RU
Алматыда банк бөлімшесіне "жарылғыш зат қойған" азамат сотталды

Алматыда банк бөлімшесіне "жарылғыш зат қойған" азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда наурыз айында банк бөлімшесінде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат берген адамға қатысты сот үкімі шығарылды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Биылғы жылдың наурыз айында ер адам Әуезов ауданында орналасқан банк бөлімшесіне барып несие алмақ болыпты.

Алайда, банк несие беруден бас тартқан кезде ол полицияға қоңырау шалып, "Ақсай" ықшам ауданындағы банк бөлімшесінде жарылғыш зат бар екенін хабарлаған.

Аталған мекенжайға қалалық полиция және жедел қызмет өкілдері келіп жеткен соң жарылғыш зат туралы хабардың жалған екені анықталды.

"Сот үкімімен күдікті "Террорлық акт туралы жалған ақпарат беру" бабы бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген соттың хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel