RU
Алматыда жоғалған алты жасар бала полицияны аяғынан тік тұрғызды

Алматыда жоғалған алты жасар бала полицияны аяғынан тік тұрғызды

Рассказать Вконтакте

Алматыда полиция қызметкерлері 2 қыркүйек күні кешке жоғалған алты жасар баланы тапты деп хабарлайды Newtimes.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бағжан Ерболаттың із-түзсіз жоғалғаны туралы "102" нөміріне дабылды қоңырау күні кеше сағат 17:55-те түскен.

Жоғалған баланың анасының сөзінше, ол "Дорожник" шағын ауданындағы өз үйінің ауласында ойнап жүріпті.

"Бірнеше уақыттан соң бала аулада жоқ болып шыққан, сол кезде әйел де дабыл қаққан. Біз бірден бірнеше іздестіру топтарын құрдық, олардың құрамына криминалдық полиция, ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар кірді, жедел штаб орналастырылды, ал өзі оқыған мектеп, жергілікті әкімдік Бағжанды іздеуге қосылды.
Шыны керек, мен бала жақын маңдағы Үлкен Алматы каналына барды ма деп қорықтым. Баланың белгілері бар бағдар дереу Алматы қаласының барлық аудандары мен Алматы облысына шекаралас аудандардың полиция бөліміне жіберілді", - деді Жетісу аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Бүлдіршін өзінің балаларға арналған самокатымен кеткен. Түнгі ондар шамасында жол-патрульдік полиция қызметкерлері оны Қапшағай көпірінен тауып алды.

Самокаты да өзімен бірге болыпты.

"Қуанышқа орай, бала аман-есен, қайғылы жағдайдың алдын алдық. Ол бірден анасына жеткізілді, анасы қуаныштың көз жасын жасырмай, баласының қайтып келгеніне қатты қуанды.

Бала өзінің кетіп қалу себебін әлі айтпады, біз мұны кішкентайларға тән кәдімгі тентектік деп ойлаймыз.

Алайда, ата-аналарға ең алдымен балаларының қауіпсіздігі үшін жауап беретіндерін айту артық болмайды", - деп түйіндеді полковник Мұсанов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel