RU
Тәжікстанда танымал әншінің ұлы қала тұрғынын пышақтап, қашып кеткен

Тәжікстанда танымал әншінің ұлы қала тұрғынын пышақтап, қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның Куляб қаласында белгілі әнші Зафар Аюбидің ұлы Вафо Аюбовқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады деп жазады Сentralasian.org.

тәжік

Зафар Аюби. Фото: Сentralasian.org.

Куляб ішкі істер басқармасының мәліметінше, 6 тамыз күні Вафо Аюбов қала тұрғыны Нураддин Набиевке пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Оның не себептен мұндай қадамға барғанын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Вафо Аюбовқа қарсы «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айыбы дәлелденсе, 27 мың сомони көлемінде айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зафар Аюбидің туғандары бұл іс бойынша түсініктеме беруден бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel