RU
Украинаның білім министрі қыруар қатемен көзге түсіп, күлкіге қалды

Украинаның білім министрі қыруар қатемен көзге түсіп, күлкіге қалды

Рассказать Вконтакте

Қызметіне енді ғана кіріскен Украинаның жаңа білім және ғылым министрі Анна Новосад Facebook парақшасында жазған постында көптеген қате жіберіп, күлкіге қалды деп хабарлайды Fishki.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook.com/Anna Novosad

Фото: Facebook.com/Anna Novosad

28 жастағы шенеуніктің сауатсыздығы желі қолданушыларын таңырқатты. Тіпті, кейбірі оның мәтініндегі қателерді түзеп берді.

Анна Новосад неміс және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген. Алайда, желі қолданушылары оның украин тілінен сауаттылығын 3-ке бағалап отыр.

– Бұл деген ұят қой. Білім министрі осындай қателіктер жібергеніне өзім ұялып отырмын, – дейді пікір білдірушілердің бірі.
– Бұл кісінің еліміздегі білімді аяғына дейін таптауға барлық мүмкіндігі бар, – дейді екіншісі.
– Бізде мектепте бұндай үшін от жағуға жіберетін, – дейді тағы біреуі.

Дегенмен, жаңа министрді жақтап, украин тілі оның ана тілі емес екенін, оны жаттау оңайға соқпайтынын алға тартқандар да болды. Ал кейбірі "саясаткерлер мен менеджерлерге тілді беске білу міндетті емес" деген пікір айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel