Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тапанша кезеді": Шалқарда құрдасын пышақтап өлтірген оқушы шындықты айтты

Опубликовано:

Ақтөбе облысында өз замандасын пышақтап өлтірді деп айыпталған мектеп оқушысына қатысты сот басталды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Facebook

Телеарнаның мәліметінше, оқиға осыдан сегіз ай бұрын Шалқар қаласында орын алған.

Сол уақытта коньки тебуге барған екі мектептің оқушылары қаланың қақ ортасындағы мұз айдынында жаға жыртысқаны, төбелес кезінде 16 жастағы бозбаланың қарсы келген замандасының жүрегіне пышақ тығып алғаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы Айнұр Досмұрзаева айыпталушы қылмысқа қасақана барғанын, оқиға болған жерден қашып кеткенін алға тартты.

Сондай-ақ, қансырап жатқан жасөспірімге ешкім жедел жәрдем шақырмағаны, марқұмды таксимен аурухана ауласына тастап кеткені айтылды.

Қаза болған бозбаланың әкесі Жұмабек Оразалин өмірден түңіліп кеткенін тілге тиек етті.

"Заң бар ма, жоқ па, түсінбей қалдық. Енді өзі мойындап тұрған адамды сегіз ай бойы қалай тексере береді? Соны түсінбедім. Толық жазасын алғанын қалаймын. Толық, әділ жазасын алсын", - деді ол.

Сотталушының анасы ұлының қылмысқа қорғану үшін барғанын атап өтті.

Оның сөзінше, қайтыс болған бала достарымен бірге оны соққыға жығып, тапаншамен қорқытқан.

Сондай-ақ, анасы Алмагүл Сүлейменова пышақ сұққан ұлын ғана емес, сол жерде төбелеске қатысқан жиырма баланы жазалау керектігін ескертті.

"Сегіз бала тепкілеген, оған қоса тапаншасын тақаған. Он алтыға толмаған баланың басына тапанша кезегенде оның жағдайы қалай болатынын білесіздер ғой. Қайтыс болған бала менің ұлымның маңдайына тапанша кезеген.
Оның қасындағы жиырма бала қайда? Жанашыр балалар күшті болып, төбелескенде жақсы. Менің баламды қиянатқа итергенде – жақсы. Бүкіл бейнетті менің балам көріп отыр. Ол жақтағы жиырма бала талтаңдап жүр", - деді ол.

Телеарнаның мәліметінше, сот енді басталған. Сол себепті қанша уақытта созылатыны белгісіз екені хабарланды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1814184-tapansa-kezedi-salkarda-krdasyn-pysaktap-ltirgen-okusy-syndykty-ajtty/

pixel