RU
Жеңіс Қасымбек әуе билеттерінің бағасы неліктен қымбат екенін айтты

Жеңіс Қасымбек әуе билеттерінің бағасы неліктен қымбат екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Вице-премьер Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында әуе билеттерінің бағасы неліктен қымбат екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ. Фото: qamsy.kz, pixabay.com

Коллаж NUR.KZ. Фото: qamsy.kz, pixabay.com

"Билеттердің қымбат болуындағы басты мәселе - жүк көтергіштігі мен қазіргі сұранысты қанағаттандыру үшін ұшақтардың жетіспеушілігі", -деді Жеңіс Қасымбек.

Осы мәселені шешу үшін мамыр айында Fly Arystan әуе компаниясы ашылғанын, күніне жасалатын 14 рейсті жыл соңына дейін 28-ге көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

Әуе кемелері паркін ұлғайту үшін үкімет "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-мен бірлесіп Air Astana мен Qazaq Air компанияларын қосымша капиталдандырады.

Сонымен қатар, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталғанын ескере отырып, авиациялық жанармай бағасын төмендету жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ, пойыз билеттерінің жетіспеушілігі мен заңсыз делдалдық әдістердің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүзеге асырылып, сату тәртібін реттейтін норма енгізілген.

Естеріңізге салсақ, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елде әуе билетінің бағасы қымбат екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel