RU
Талдықорғанда 100 мың теңге үшін өлім құшқан баланың анасы үкіммен келіспейді

Талдықорғанда 100 мың теңге үшін өлім құшқан баланың анасы үкіммен келіспейді

Рассказать Вконтакте

Зинур Хамитовтың анасы баласын өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот үкімімен келіспейді. Ол жазаның тым жеңіл екенін алға тартты деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зинур Хамитов. Фото NUR.KZ оқырманы

Зинур Хамитов. Фото NUR.KZ оқырманы

Жақында Талдықорғанда 24 жастағы алматылық Зинур Хамитовты аяусыздықпен өлтіргені үшін айыпталған төрт азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Жас жігіттің мәйіті былтыр Алматы маңынан табылған болатын.

Істің материалдарына сәйкес, Зинур Хамитовты танысына берген жүз мың теңге қарыз үшін өлтірген.

Сот қылмыстық іске қатысты екі адамды 15 және 16 жылға, тағы екеуін 4 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына кесті. Соңғы екеуі кісі өлімі туралы хабар бермегені үшін айыпталды.

"Хабар бермегені үшін? Яғни жай ғана хабар бермеген дейді. Исаев бейсбол таяғын тауып келген, ол таяқ төртінші рет соққаннан кейін сынып кеткен. Соншама аяусыздықпен ұрған. Және осы үшін 434 бап бойынша айыптады. Бұндай айып тағуда нені негізге алып отыр?", – дейді сот шешіміне көңілі толмаған ана.

Ол сот үкіміне шағымданып, баласын өлтіргендерге бұдан да ауыр жаза берілуіне қол жеткізбекші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel