RU
"Қатаң бақылау керек": Мамин министрлер мен әкімдерге ескерту жасады

"Қатаң бақылау керек": Мамин министрлер мен әкімдерге ескерту жасады

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында министрлер президенттің Қазақстан халқына жасаған жолдауындағы тапсырмалардың орындалуына жауап беретінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Мамин. Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Асқар Мамин. Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы өз жолдауында үкіметтің алдына ел экономикасын одан әрі дамытуға және азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.

Жалпы, президент жолдауының барлық бағыттары бойынша жалпыұлттық жоспар дайындалады.

Барлық мемлекеттік органдарға мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспардың жобасына 5 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика министрлігіне өз ұсыныстарын енгізуді, ал ҰЭМ 7 қыркүйекке дейін қаулыға сай жобаны үкіметке жіберуін тапсырамын", - деді Асқар Мамин.

Келесі отырыста ұлттық жоспардың жобасы мемлекет басшысының бекітуіне ұсынылады деп күтілуде

"Барлық бірінші басшыларға айтамын - сіз президенттің тапсырмаларын орындау үшін жеке жауаптысыз. Әр бұйрық үшін қатаң бақылау орнатылып, оны орындау мерзімдері нақты белгіленуі керек. Біз міндеттерді тиімді шешу бойынша бір жөнге салынған жұмысты қамтамасыз етуіміз керек", - деп түйіндеді үкімет басшысы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel