RU
"Өз ісіңізбен айналысыңыз": Димаштың әкесі Нұртас Адамбайға жауап берді

"Өз ісіңізбен айналысыңыз": Димаштың әкесі Нұртас Адамбайға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Жақында қазақстандық режиссер Нұртас Адамбай өзінің Facebook парақшасында аты әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге қатысты бірнеше пост жариялаған болатын. Ол оның ресейлік композитор Игорь Крутой және украиналық режиссер Алан Бадоевпен серіктестігін сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал актердың ойынша, Димашқа уақытын бос кетірмей, Батысқа бет бұрған жөн екен.

Ол Димаш Құдайбергеннің еліміздің ұлттық игілігі болып табылатынын атап өтіп, оған бүкіл әлемді бағындыруына тілектес екенін жеткізді.

Нұртас Адамбайдың жазуынша, Димашқа Игорь Крутойдың концерттері мен туған күндерінде өнер көрсетіп, бағалы уақыты мен күш-қуатын кетірмеу керек.
Ол Геннадий Головкиннің кезінде немістің "Юниверсал" компаниясымен серіктес болып, спорттық мансабындағы бірнеше маңызды жылдарын бос өткізгенін мысал ретінде келтіріп өтті.

Сондай-ақ, отандық актер Димашқа бейнебаян режиссерін ауыстыру керек деп есептейді.

Оның ойынша, "Любовь уставших лебедей" әніне түсірілген бейнебаян әсерлі шықпаған. Режиссер оның орнына отандасымыз Айсұлтан Сейітовтің көмегіне жүгінген дұрыс деп пайымдайды.

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Нұртас Адамбайдың жариялаған посттарына жауап беріп, оның кеңесіне мұқтаж емес екендерін алға тартты.

"Негізінде біз сізден кеңес сұраған жоқпыз. Өз ісіңізбен айналысыңыз. Біздің өз жоспарымыз бар. Рақмет", – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз
12
2
0
1
1
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel