RU
Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен Исабекова көптің сынына қалды (фото)

Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен Исабекова көптің сынына қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әнші Мақпал Исабекова жылтыр купальникпен түскен суретін желіге жүктеп, тағы да оқырмандардың сынына қалды. Желі қолданушылары эстарада жұлдызының тым ашық образы үшін сөккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіге жүктеген суретіне ол:

"Түпнұсқадағы сурет әрине жақсырақ, маған сенсеңіздер болады" деген жазба қалдырған.

Онда әншінің ақ жылтыр түсті купальник кигенін анық көруге болады.

Аталмыш суретке қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған.

Олардың бірі "Ерсі екен", "Ұят қой?", "Өтірік сурет сияқты ма қалай?", "Фотошоп емес пе?" деген пікірлерін жазса, енді бірі керісінше "Өте әдемісіз", "Купальнигіңіз әдемі, қайдан сатып алдыңыз?", "Қазақтың Джей Лосы" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
23
3
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel