RU
Есімов квазимемлекеттік секторға қатысты президенттің сынына жауап берді

Ахметжан Есімов президенттің сынына жауап берді

Рассказать Вконтакте

"Самұрық-Қазына " Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басшысы Ахметжан Есімов Үкімет кулуарында президенттің квазимемлекеттік секторға қатысты айтқан сынына түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ахметжан Есімов. Фото: primeminister.kz

Ахметжан Есімов. Фото: primeminister.kz

"Мен оның рөлі (квазимемлекеттік сектор-ред) өте үлкен деп есептеймін. Ең объективті көрсеткіш, мемлекеттік қазынаға қанша салық түседі, әр азаматтан бастап ірі, миллиондаған жекеменшік және мемлекеттік компанияларға дейін салық төлеуші болып табыламыз. Самұрық-Қазына бір жылда салықтың түсуін 39 пайызға арттырды. Қазір бұл сома 1 трлн теңгені құрайды. Ол жалпы бюджеттің 10 пайызын құрайды. Мұндай салық төлеуше холдингтер арасында жоқ. Бұл өте үлкен көрсеткіш",- деді Есімов.

Оның мәліметінше, Үкіметке (Қордың акционері ретінде - Ред) 250 млрд теңге дивидендтер түскен.

Ол сондай-ақ, мысалы, Арыс қаласындағы нысандарды қалпына келтіруге немесе Түркістандағы жаңа нысандарды салуға 42 млрд теңге бағытталғанын айтты.

Ол қордағы сатып алудың тиімділігі мәселесіне де түсініктеме берді.

"Кеше квазимемлекеттік сектордың атына сын айтылды деп айтуға болады. Мемлекеттік сатып алу бойынша сұрақтар қойылды. Мысалы, 4,4 трлн мемлекеттік сатып алу, оның ішінде 3,3 бір көзден ғана, бұл 75% құрайды. Біз осы мәселе бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргіздік. Мысалы, бізде бұл көрсеткіш 2 есе төмен",- деді ол.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel