RU
Қаржы министрлігі бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын тексереді

Қаржы министрлігі бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын тексереді

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында квазимемлекеттік секторда бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы тексерілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

"Биыл қазан айында квазимемлекеттік секторға бөлінетін қаражаттың жұмсалу тиімділігіне сараптама жүргізіледі. Бөлінген қаражаттың қайтарымын бақылау бойынша тәсілдер жасалып, квазимемлекеттік сектор үшін бағалау әдістемелері әзірленеді", – деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жыл соңында мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және жобалауда жауапкершілікті күшейту бөлімінде заңнамаға өзгеріс енгізу жоспарланған.

"Желтоқсан айында Ұлттық экономика министрлігі Есеп комитетімен бірлесе отырып, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және жобалауда жауапкершілікті күшейту бөлімінде заңнамаға өзгеріс енгізу бойынша шаралар қабылдайыды. Желтоқсанда МЖС жобалары бойынша өңірлерде мониторинг жүйесі енгізіледі", – дейді Әлихан Смайылов.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel