RU

Қытайда қамалған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті

Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті. Оның барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, сот отырысына қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысқан.

Сондай-ақ, кездесудің сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақытымен) екі сағаттан астам уақытқа созылғаны белгілі болды.

"Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өз бетінше қытай тілінде түсініктеме берді.
Үкімнің жарияланатын күні ашық", - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы жазған болатынбыз. Қытай түрмесіне тоғытылған қазақ қызына отандық дипломаттар өз қалтасынан көмектесіп жатыр.

Оған қоса, жақында Ақжарқын Тұрлыбай алғаш рет туыстарына хат жазған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1814247-kytajda-kamalgan-akzarkyn-trlybajdy-isine-katysty-sot-otyrysy-tti.html