RU
Қырғызстанда жаңа босанған 14 жастағы арудың әкесі күдікке ілінді
Жаңалықтар Қоғам

Қырғызстанда жаңа босанған 14 жастағы арудың әкесі күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

29 тамыз күні Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Жаны-Пахта ауылында 14 жастағы қыз босанды. Алайда бұл іске күдікті ретінде оның әкесі ұсталған деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: azattyk.org

Фото: azattyk.org

53 жастағы ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Қазір сәби басқа жанұяға берілді. Ешкім арыз түсірген жоқ. Бұл факті жедел іс-шаралардың нәтижесінде белгілі болды. Тергеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, қыздың ата-анасы мен дәрігерлерге заң тұрғысынан баға берілетін болады", - деді облыстық милиция баспасөз хатшысы Нургүл Нусупова.

Шу ҚІІБ мәліметтеріне сәйкес, 14 жастағы қыз – отбасында үлкен бала.

Қазіргі уақытта ол балаларды қорғау орталығында психологтың көмегін алып жатыр. Отбасында одан бөлек екі ұл және екі қыз бар.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel