RU
"Барлық орынды қазақ алды": Қырғызстанда өткен айтыста отандық ақындар топ жарды

"Барлық орынды қазақ алды": Қырғызстанда өткен айтыста отандық ақындар топ жарды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан төрінде өткен айтыс додасында қазақ ақындары топ жарып, жүлделі орындардың барлығын иеленді. Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Балғынбек Имаш пен Мұхтар Ниязов елге жеңіспен оралып, көпшіліктен сүйінші сұрауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қырғыз елінде өткен айтыста Айнұр Тұрсынбаева бас жүлдені алса, Жандарбек Бұлғақов бірінші Мұхтар Ниязов екінші, Балғынбек Имашқа үшінші орынды қанжығасына байлаған.

Бұл қуанышты жаңалықпен ақындардың өздерінен өзге де өнер жұлдыздары да бөлісуде.

Алтынай Жорабаева алғашқылардың бірі болып, Instagram желісінде айтыскерлерді жеңіспен құттықтаған.

"Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі! Қырғызстандағы өткен ақындар айтысында барлық орынды қазақтар алыпты ғой. Жарайсыңдар" , - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel