Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көріпкел әжесінен күйеуінің опасыздық жасап жүргенін білген келіншек жұрттан ақыл сұрады

Опубликовано:

Тұрмыстағы келіншек жұбайының өзінен әлдеқайда үлкен әріптесімен көңіл жарастырғанын, содан басқа ешкімді қажет етпейтінін сөз етті. Айтуынша, бұл жайлы оған көріпкел әжесі баяндап беріпті. Қарт кісінің сөзінше, әріптесі ер адамның басын дауалап алған екен деп хабарлайды devushki_nursultana парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйел адамның сөзінше, оның жұбайы өзінен 8 жасқа үлкен әйелмен кездесіп жүріпті. Ол тіпті сүйіктісі үшін туған балаларынан бас тартыпты.

"Тұрмыстағы әйелмін, балаларым да бар. Жақында күйеуімнің өзінен 8 жасқа үлкен әріптесімен көңіл жарастырғанын білдім. Ол оны сүйіп қалғаны сонша, тіпті, мен тұрмақ туған балаларынан бас тартты", - деп ашынды кейіпкер.

Келіншек күйеуінің опасыздығы жайлы өзінің көріпкел әжесінен біліп қойған екен. Қарт кісі жасы үлкен әйелдің ер адамды дуалап, өзіне қаратып алғанын жайып салыпты.

Енді кейіпкер күйеуінің басындағы дуаны қалай қайтарарын білмей дал болып отыр.

"Менің болашақты болжай алатын әжем бар. Сол кісі күйеуімнің өзінен әлдеқайда үлкен әйелмен жүретінін, сол келіншектің оның басын айналдырып алғанын айтты. Мен оның сөзіне толықтай сендім. Мұндай жағдайда не істеуге болады?", - деп кеңес сұрады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814255-kripkel-zesinen-kjeuini-opasyzdyk-zasap-zrgenin-bilgen-kelinsek-zrttan-akyl-srady/

pixel