RU
Атыраулық келіншек 20 жылдан кейін көрген сәбиінің тұсауын Тамара Асарға кестірген (видео)

Атыраулық келіншек 20 жылдан кейін көрген сәбиінің тұсауын Тамара Асарға кестірген (видео)

Рассказать Вконтакте

Тамара Асар жиырма жыл бойы ана бақытын аңсаған келіншектің арманын орындап, ұлының тұсауын кесті. Әнші өзіне бұл дәстүрді тек жүрегінің түгі бар немесе мықтылардың мықтысы ғана сеніп тапсыра алатынын айтып, атыраулық тұрғынға алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы Атыраудағы гастролі кезінде басынан өткен қызықты жағдаймен Instagram парақшасында бөліскен.

Белгілі болғандай, Атырау тұрғыны өнер иесінің көмекшісіне хабарласып, жиырма жылдай күткен баласының тұсауын Тамараға ғана кестірткісі келетінін айтқан. Келіншек мұнайшы болып қызмет ететінін де жеткізген.

"Маған тек Тамара керек, қомақты сыйлығым да жоқ оған беретін, бірақ аппақ болған ниетім мен тілегім бар. Жиырма жылда бір көрген балам Тамарадай мықты болсын деп ырымдап келіп тұрмын. Баламның тұсауын тек Тамараға кестірейін деп едім", - депті келіншек.

Қазақтың дәстүрін дәл Тамара Асар орындағанын қалаған әйел адам бір жасар баласын ауылдан қалаға алып келген.

"Өзім ұйқымды аша алмай қонақүйде шәй ішіп отырғанмын, денем дір ете қалды, ұйқым шәйдей ашылды. "Әкелсін баланы, екі концерттің арасында 5 минут уақыт тапсақ та, кесейік" деп рұқсатымды бердім. Маған тұсауды жүрегінің түгі бар адам немесе мықтылардың мықтысы ғана кестіреді. Қолым құтты болсын!
Сеніміңізге рахмет Арай! Затым әйел болса да, бойымда қара тауды қайыратын, ала тауды айыратын қаһарлы қазақ жігітінің қасиеті бар сияқты сезінемін кейде. Сол қасиетті Игнат сәбиге тіледім!!! Қадамың құтты болсын балапан" , - деп жазды Тамара Асар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
3
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel