RU
"Үш сағат қансырады": Сириядан оралған әйел жантүршігерлік оқиғаны баяндап берді

"Үш сағат қансырады": Сириядан оралған әйел жантүршігерлік оқиғаны баяндап берді

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың мамыр айында "Жусан" операциясымен Сириядан елге оралған қазақстандық әйел басынан өткен оқиғалармен бөлісті. Әсем есімді келіншек Сириядағы соғысқа "мұсылмандарға көмектесемін" деген оймен аттанған деп жазады "Замана" басылымы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншектің сөзінше, ол алдымен білім алу үшін жұбайымен бірге Түркияға жол тартқан.

"2010 жылы күйеуге шығып, намазға жығылдым, сол кезден бастап жабық киіне бастадым. Жолдасым намазхан еді. Үш жылдан кейін ол Түркияға барып білім аламыз деді. 2013 жылы Түркияға бардық, ол жақта Қазақстаннан келген тағы да басқа адамдарды кездестіріп, "Сирияда мұсылмандарды қинап жатыр, көмектесейік" деген соң солармен Сирияға кеттік",- дейді ол.

Алғашында алыстан барған қонақтарды арабтар қабылдап алған. Араға бір ай салып олар келіншектің күйеуін жеке алып кетіп, жұбайын жесір әйелдермен қалдырып кеткен.

"Оларға күнде лекциялар оқып, өз-өздерін жаруға үгіттейді екен. Қаншама қазақтар сөзге еріп өз-өздерін жарып жіберген екен. Бірақ күйеуім одан бас тартып, қайтып келді. Ол 2014 жылы жарақат алып қайтыс болды.
Әйелдер тұрған жерге шабуыл жасалған соң біз әр жерге көшіп-қонып жүретінбіз. Ерлер басқа жақта болатын. Жарақаттан үш сағат қансырап жатыпты. Ол кезде тұңғышыма жүкті едім, қиын болды", - деп сөзін жалғастырды келіншек.

Әйел адамның айтуынша, бастапқыда оларға ақша доллармен төленіп, тамақ тегін берілген. Тіпті, медициналық тұрғыдан да үлкен көмек көрсетіліпті.

"2017 жылға қарай қиындықтар көбейе бас­тады. Ақша төленбей қалды, тамақты анда-санда беретін болды, оны да сұрап алатын едік. Кейіннен тамақты да, ақшаны да өзіміз іздейтін халге жеттік. Жергілікті тұрғындар бізді жақтырмайтындықтан, ондағы қазақтар бір-бірімізге жақын болып, бірге көшіп-қонып жүрдік", - деп түйіндеді сұмдықты еске алған әйел.
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel