RU
Алматыда автобус бойжеткенді басып кетті

Алматыда автобус бойжеткенді басып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда жолаушылар автобусы бойжеткенді басып кетті. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбалар Instagrаm желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланған.

Пабликтің авторлары видеоның астына жол көлік оқиғасы Өтеген батыр - Қабдолов көшесінің қиылысында болғанын жазды.

Бейнероликтен жерде жатқан бойжеткен мен оның басын ұстап тұрған формадағы ер адамды көруге болады.

"АлматыЭлектроТранс" мекемесі Zakon.kz порталына оқиғаның мән-жайын айтқан.

Компанияның ақпаратынша, жол апаты үшінші қыркүйек күні таңертен орын алған. №45 автобус Өтеген батыр көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып, Қабдолов көшесіне бұрыла бергенде жаяу жүргіншіні басып кеткен.

Мекеменің мәліметінше, зардап шеккен қыз аздаған жарақат алған. Оқиға орынан жедел жәрдем қызметі келген. Оқиға қатысты өзге де мәліметтер әзірге анықталып жатыр.

Алайда, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы Tengrinews.kz агенттігіне бойжеткеннің ауыр хәлде екенін мәлімдеген. Ол № 7 ҚКА-да жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel