Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзен тұрғындары алаңға қайта шықты

Опубликовано:

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов Жаңаөзенде бас көтерген тұрғындармен кездесті. Ол Қазақстанда қытай зауыттары салынбайтынына уәде берді деп хабарлайды "Лада" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

3 қыркүйек күні бірнеше жүз адам Жаңаөзеннің Орталық алаңына Қазақстанда қытай зауыттарының салынуы туралы ақпаратқа қатысты өз наразылықтарын білдіруге шыққан.

Олар жұмыстан айырылып қаламыз деп үрейленіп отыр.

Аймақ басшысы жиналғандармен сөйлесіп, шет мемлекеттер біздің еліміздің аумағында өз зауыттарын салмайтынына сендірді.

Кейіннен Серікбай Тұрымов қалалықтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.

Сонымен қатар, жиылған көпшілікпен Жаңаөзен әкімі Әділбек Дауылбаев та сөйлескен.

Еске салайық, 2 қыркүйек күні Жаңаөзен әкімдігінің ғимараты алдында жұмыс беруді талап еткен жергілікті тұрғындар жиналған еді.

Осыған дейін зауыттар құрылысы туралы ақпаратқа Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берген болатын.

"Қазақстан Респбуликасына Қытайдың ескі 55 зауытын ауыстырады деген ақпаратты блогерлер WhatsApp мессенджері арқылы таратқан. Осындай әңгімелер бар. Бірақ, бағдарлама жоқ, ескі зауыттарды ешкім ауыстырмайды", - деді ведомство басшысының орынбасары Ермек Көшербаев.
Фото: Lada
Фото: Lada: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814282-zaazen-trgyndary-alaga-kajta-sykty/

pixel