Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тревел-блогерлер форумында Абай Құнанбаевтың әні заманауи үлгіде айтылды

Опубликовано:

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанды таны» қазақстандық және шетелдік тревел-блогерлердің екі күндік форумы аяқталды. Форумның қалай өткенін бізбен бірге тағы да еске түсіруді ұсынамыз.

Тревел-блогерлер форумында Абай Құнанбаевтың әні заманауи үлгіде айтылды

Форум жастар арасында танымал әнші Интроверттің заманауи үлгіде өңдеген Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" әнімен ашылды.

Іс-шара шетелдік және отандық блогерлер мен инфльюенсерлердің бір алаңында, сондай-ақ сандық технологиялармен, блогингпен және жаңа медиамен айналысатын жастарды жинады. "Қазақстанды ашу" блогерлерінің Халықаралық Форумына 1000-нан астам адам қатысты. Олар-студенттер, оқушылар, блогерлер және белсенді жастар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев форумды салтанатты түрде ашып, форум қатысушылары мен қонақтарын құттықтады.

Тревел-блогерлер форумында Абай Құнанбаевтың әні заманауи үлгіде айтылды
Даурен Абаев: Original
"Біздің еліміз - әлем картасындағы жас мемлекет. Біздің халқымыз даңқты да, қайғылы да терең тарихқа ие. Біздің жерімізде көшпелі империялар құрылып, қирады. Біздің мәдениет Тамғалы жартастағы суреттерден тамыр алады және сақ тайпаларының аң стилінде көрініс табады. Әр түрлі конфессиялар мен діндердің 100-ден астам этностарының өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Еліміздің әр түрлі өңірлеріне барып келген форумға қатысушылар бұған көз жеткізе алғанына сенімдімін. Біз бүкіл әлемнің туристері қазақ жерінің сұлулығыан баға бегенін қалаймыз", - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Екі күн ішінде форум спикерлері туризмді дамыту, брендинг және блоггинг, жаңа медиа мүмкіндіктері және интернет үшін сапалы контент құру мәселелерін талқылады. Іс-шара барысында қатысушылар үшін Қазақстандық, және шетелдік танымал блогерлер мен контентмейкерлер - Әлішер Елікбаев, Ләйлә Сұлтанқызы, Нұртас Адамбай, Ақсұлтан Қалиев, Луи Коул, Мурад Османн, Хейли Дасович қатысуымен ақпараттық және пайдалы мастер-класстар ұйымдастырылды. Іс-шараның хедлайнерлері: "Следуй за мной" жобасының авторы Мурад Османн және тревел-блоггер Льюис Коул болды.

Тревел-блогерлер форумында Абай Құнанбаевтың әні заманауи үлгіде айтылды
Сурет: Анна Шолгина: Facebook

Форумның екінші күні жоба аясында өткізілген "Я из Казахстана" бейнеблогерлер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жобаның демеушілері "Авиата" компаниясы мен Sevens ауыз суы блоггерлерге арнайы жүлде табыс етті.

Тревел-блогерлер форумында Абай Құнанбаевтың әні заманауи үлгіде айтылды
Сурет: Анна Шолгина: Facebook

Сонымен қатар, Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Греция, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин елдерінің танымал тревел-блогерлері тарихи көрікті және сұлу жерлермен танысу үшін еліміздің өңірлері бойынша 5 күндік турнеге аттанды. Турдың қорытындысы бойынша блоггерлер Қазақстан бойынша саяхат туралы бейне шолу жасап, YouTube-тағы өз арналарына орналастырады.

Тревел-блогерлер форумында Абай Құнанбаевтың әні заманауи үлгіде айтылды
Сурет: Анна Шолгина: Facebook

Естеріңізге сала кетейік, жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, талантты жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруға және жаңа медиа-технологияларды игеруге, елдегі туризмді дамытуға және Қазақстанның шет елдерде имиджін қалыптастыруға бағытталған. Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR ", Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болып табылатын "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814288-trevel-blogerler-forumynda-abaj-knanbaevty-ni-zamanaui-lgide-ajtyldy/

pixel