Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай Сиви Махмудидің қазіргі жағдайын айтты

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай Instagram парақшасында жол апатына түскен Сиви Махмудидің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізушінің мәліметінше, бүгінде әншінің жағдайы жаман емес.

"Сиви досым, қорыққан түбі қуаныш болсын. Тезірек жазылып кет. Алла шипа берсін. Достар, ақпарат сайттарының жазған дәйексіз ақпараттарына сеніп қалмаңыздар. Сивиде бәрі дұрыс. Екі қолы сынбаған, басы жарылмаған.
Сиви түнде тойдан қайтып келе жатқанда бір мас жүргізуші бұның көлігін келіп соққан. Нәтижесінде Сивидің басына, бұғанасына зақым тиген. Қазір жағдайы жаман емес. Дұғада болайық", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары Асхат Садырбайды қолдап, әншінің тездетіп сауығып кетуін тілеген. Олар:

"Алла шипасын берсін", "Тез сауығып кетіңіз", "Жазылып кетіңіз" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814293-dgada-bolajyk-ashat-sadyrbaj-sivi-mahmudidi-kazirgi-zagdajyn-ajtty/

pixel