RU
13 жастағы шымкенттік бала квас жасауды кәсіпке айналдырмақ
Жаңалықтар Қоғам

13 жастағы шымкенттік бала квас жасауды кәсіпке айналдырмақ

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының 13 жастағы тұрғыны Алмас Беласаров квасты сүйіп ішеді. Сондықтан ол сусынды өз қолымен дайындап үйренуді жөн көріпті. 7-сынып оқушысы бұл істі осыдан бірнеше ай бұрын қолға алған екен. Алғашында Алмасқа квас жасауда әкесі көмектесіп жүріпті деп жазады "Замана" басылымы.

Алмас Беласаров. Фото: Замана

Алмас Беласаров. Фото: Замана

Қазір ол бұл сусынды бастан-аяқ өзі дайындайды екен.

"Бұрын квасты дүкеннен сатып алатынбыз. Содан соң әкем "сатып ала бергенше, өзіміз үйде да­йындайық" деген ой тастады. Әрине, алғашқы жасаған квасымыз ойдағыдай болған жоқ, дәмі күйіңкіреп шықты. Сонда да бұл ісімізді тоқтатпадық. Үйрене келе қазір квасты жақсы жасай аламын деп сенімді айта аламын.
Мен жасаған квасты тек отбасы мүшелері ғана емес, көрші-көлең және үйге келген қонақтар да ішеді.Үйде үлкен тоңазыт­қыш болмағандықтан бұл сусынды аз-аздан жасаймын. Ол жарты күн жылы жерде, жарты күн салқында тұруы керек. Осылайша квас бір күнде дайын болады.
Болашақта мұны бизнес көзіне айналдырсам деген жоспарым бар. Ата-анамның маған көмектесетініне және мені қолдайтынына сенімдімін", – дейді ол.

Алмас квас жасауда өзіндік құпиясы бар екенін, аталған сусынның рецептімен ешкіммен бөліспейтінін алға тартты. Ал анасы Нағима ұлының аспаздық қасиеті бар екенін айтады.

"Алмас қазір кулинариямен көп айналысып жүр. Асүйге ебі бар. Өзі қалаған тағамын "Youtubе"-тан көріп алып, жасай береді. Квасты да алғашында әкесі екеуі ғаламтордан көріп, жасап жүрген. Кейін Алмастың өзі дайындай беретін болды", - дейді ол.

Негізінен, ата-анасы Алмасқа шаштараз оқуын оқытуды жоспарлаған екен.

"Себебі ол шашына, киіміне қарағанды жақсы көреді. Маған да қандай киімдер киіп, қандай шаш үлгісін жасау керек екенін айтып отырады. Соған байланысты есіктің алдынан сән салоны ғимаратынын құрылысын бастап та қойдық.
Оның іргетасын әкесі екеуі құйды. Бірақ қазір сән салонынан гөрі квас орталығын ашсақ дегенді көп айтып жүр. Бұл бұрын ойда болмаған дүние еді. Осындай ерекше кәсіппен айналысу Алмастың жоспарында бар", – дейді анасы.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel