RU
ХҚКО-тың екі қызметкері бір күнде соққыға жығылды
Жаңалықтар Қоғам

ХҚКО-тың екі қызметкері бір күнде соққыға жығылды

Рассказать Вконтакте

"Азаматтар арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook аккаунтында "ХҚКО қызметкерлеріне шабуыл жасаудың тоқтаусыз фактілері" туралы хабарлама жариялады. Жұманбай оңтүстік астанада екі шабуыл тіркелгенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерінің хабарлауынша, бірінші жағдайда ХҚКО қызметкеріне өзінің кәмелет жасқа толған қызына анықтама алмақ болған ер адам шабуыл жасаған.

Мұндай қызмет үшін ер азамат тек өзінің және қызының жеке куәлігін ғана емес, сонымен қатар туыстық байланысын растайтын қызының туу туралы куәлігін де көрсетуі қажет еді.

Ер адамда құжаттың болмағаны себепті қызметкер анықтама беруден бас тартқан. Ашуға булыққан алматылық істі жұдырықтасып шешпек болып, қызметкердің мұрнын сындырған.

Дәл сол күні Алматының басқа ХҚКО-да тағы бір қызметкерді атаулы әлеуметтік көмек жасатпақ болған әйел адам соққыға жыққан.

Ол құжатты өзіне-өзі қызмет көрсету секторында тұрып рәсімдеуді жөн көріп, қызметкерден оған көмектесуін сұраған.

Сайттағы ұзақ өңдеуден кейін әйел адам ызаланып, кейіннен жанжалдасып, кеңесшіге шабуылдаған.

Келушіні сабасына келтіру үшін екі жағдайда да тәртіп сақшылары шақыртылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel