RU
Қырғызстандағы мектептің сиқы желідегілерді шошытты (фото)

Қырғызстандағы мектептің сиқы желідегілерді шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Нарын ауданы Кеңеш ауылында мектеп оқушылары жүк контейнерлерінде білім алмақ. Бұл туралы блогер Эльдар Сапаев өз Facebook парақшасына жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар, Сапаев 1 қыркүйек күні түсірілген суреттермен бөлісті.

"Қырғыз Республикасының президенті 2019 жылды елді цифрландыру мен өңірлерді дамыту жылы деп жариялау туралы Қаулы қабылдады. Биік тұғырлардан айғайлады!
Бұл дүңгіршек емес, базардағы ортақ дәретхана емес, мектеп! Нарын ауданы Кеңеш ауылының оқушылары білім алатын мектеп! Даму туралы не айтамыз тағы...", - деп жазды ол.

Аталған жазбаны оқыған желі оқырмандары ызаға булықты.

Олар: "Масқара", "Не деген сұмдық", "Сөзім жоқ", "Қайран, балалар-ай", "Ұят емес пе?" деген сынды пікірлерін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз
13
2
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel