Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыссыз азаматтарға ақысыз білім беретін бағдарлама жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Өндірістік-техникалық бағытта қажетті мамандарды даярлау – уақыт талабы. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты еңбек нарығы талаптарын ескере отырып, жаңа мамандар даярлауды көздейді.

«Қажетті мамандар»: Еңбек нарығы талаптарына сай техникалық және кәсіби білімді мамандар даярлау
Фото: unsplash.com: Facebook

Бүгінде көптеген кәсіпорынның басты мәселесі – білікті маман тапшылығы. Еңбек нарығында экономист, заңгер, есепші секілді кәсіп иелері көп кездеседі. Сәйкесінше, инженерлік-техникалық сала мамандарының шектен тыс көбеюі, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкеледі.

Сол себепті, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында барлық жұмыссыз азаматтарға ақысыз білім беріледі. Олар жоғары оқу орындарына түспеген мектеп бітірушілері секілді техникалық немесе кәсіптік мамандықтар бойынша оқи алады.

Ұйымдастырылған курстар тәжірибелі оқытушы, тәлімгер, мамандар мен басшылар жетекшілігімен жүйелі түрде білім беріп, жаңа мамандық игеруге мүмкіндік береді. Кәсіптік білім алған барлық қызметкер біліктілік емтихандарын тапсырады. Бұл емтихандар көбінесе біліктілік сипаттамалары мен оқу курстары талаптарына сәйкес, мамандық бойынша тест тапсырмалары түрінде болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары білім алушылардың жас ерекшелігін шектемейді. Яғни, 16 жастан асқан аз қамтылған отбасы мүшелері, жұмыссыз азаматтар, сондай-ақ басқа да санаттағы азаматтар жаңа мамандық игеру мүмкіндігіне ие бола алады.

ТжӨБ негізінде курстан өткен білім алушылардың барлығына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, олар білім алу барысында бір реттік ыстық тамақ пен шәкіртақы алады.

Өткен жылы бағдарлама нәтижесінде 36,4 мыңнан астам адам жаңа кәсіпке ие болды. Ал осы жылдың қыркүйек айынан бастап қосымша 20,8 мыңнан астам жас білім ала бастайды. Сондай-ақ, бірінші бағыт аясында аймақтық еңбек нарығы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тағы 100 мың адамға арналған қысқа мерзімді курс ұйымдастырылады.

ТжӨБ базасындағы оқу процесі жергілікті атқарушы органдардың білім беру саласындағы бағыттарын, сондай-ақ өндіріс пен тұтастай алғанда еңбек нарығы қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асады. Жаңа мамандықтарға оқыту және мамандармен тұрақты қамтамасыз ету жекелеген салалардағы жұмыс нәтижесінің тиімділігі мен сапасына оң ықпалын тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1814310-zmyssyz-azamattarga-akysyz-bilim-beretin-bagdarlama-zajly-ne-bilemiz/

pixel