RU
Қапшағайда балабақша тәрбиешісі ернеуге шыққан баланы құтқарып қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қапшағайда балабақша тәрбиешісі ернеуге шыққан баланы құтқарып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қапшағайда 2 қыркүйек күні балабақша тәрбиешісі терезенің ернеуіне шығып кеткен баланы құтқарып қалды деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ InAlmaty.kz

Фото: Видеодан кадрлар/ InAlmaty.kz

Балабақша меңгерушісі Гүлзада Ақынбекованың сөзінше, сол күні орта топтағы бала жатын бөлмедегі терезені ашып, ернеуге шығып кеткен.

Оның артынан жүгірген тәрбиеші бірден балақайды құтқарып қалған.

"Тәрбиешінің еңбек өтілі 10 жыл. Бұл жағдай бірнеше секундтың ішінде орын алған. Алайда ол баланы қорқытпай, құтқарып қалды. Баланың ата-анасы оқиғадан бірден хабардар болды. Анасы бүлдіршіннің өте белсенді екенін, сол себепті олар бірінші қабатта тұратынын айтты", - дейді балабақша меңгерушісі.

Гүлзада Ақынбекова балабақшада бұл жағдайдың бірінші рет болғанын алға тартты.

"Енді біз терезелерге арнайы қорғау құрылғыларын қоюды жоспарлап отырмыз", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel