RU
Пойызда жоғалған қыз бала араға 20 жыл салып ата-анасымен қауышты (фото, видео)

Пойызда жоғалған қыз бала араға 20 жыл салып ата-анасымен қауышты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Белоруссияда жиырма жыл бұрын Минск – Осипович бағыты бойынша жүрген пойызда із-түзсіз жоғалып кеткен бала биылғы жылдың тамыз айында табылды деп хабаралайды Sputnik Беларусьқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

1999 жылы 4 жасар қыз бала пойызда жоғалып кеткен. Ата-анасы сол сәтте станция кезіп, баланың суреттерін іліп, іздеу салған. Алайда еш нәтижеге жетпеген соң полицияға хабар беріпті.

"Баланы іздестіруге полиция, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылды. Алайда нәтиже болмады. Іздестіру жұмыстары тоқтатылмады", - деді ІІМ-дан.

Тек биылғы жылдың тамыз айында Пухович милициясының кезекші қызметіне ресейлік телефон нөмірінен қоңырау келіп түсті.

Хабарласқан адам өзінің интернатта өсіп, содан кейін асыранды отбасына түскен 24 жастағы жетім танысы туралы айтты. Айтуынша, бойжеткен пойызда жоғалғанын біледі екен.

Ер адам желіде осыған ұқсас оқиғаны көріп, кейіннен "Оршанка" басылымынан бұл жағдайдың мән-жайын анықтайды. Бойжеткеннің тегі ғана емес, маңдайындағы тыртығы да сәйкес келіпті.

1999 жылы қыз Рязан қаласының теміржол стансасынан табылыпты. Сот сараптамасы мемлекеттік комитетінің мамандары Юлия мен оның анасы болуы мүмкін әйелдің ДНҚ сараптамаларына зерттеу жүргізіп, 99,999% сәйкестікті анықтаған.

Жоғалып кеткен "Юля қыз" бір апта бұрын Пухович АІІБ-де отбасымен қауышты.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
3
3
33
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel