RU
Самарқанда құтырған ит 15 адамды қауып алған

Самарқанда құтырған ит 15 адамды қауып алған

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасы құтырған ит 15 адамды оның ішінде милиция қызметкерін тістеп алғанын мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

28 тамызда әлеуметтік желілерде екі көлік жолдағы итті әдейі басып өтпек болған видео тарады. Бұл қолданушылардың наразылығын туғызған.

Алайда Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасы Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау орталығына сілтеме жасап, оның құтырған ит екенін жеткізген.

Ит тістеген 15 кісі ауруханаға жатқызылған. Оларға құтырмаға қарсы екпе еккен.

Сондай-ақ иттің сөлі ветеринария басқармасының вирустық зертханасына жіберілген.

Құтырма ауруы жұқпалы індеттердің қатарына енеді. Ол сілекей арқылы жұғады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel