RU
Нұр-Сұлтанда келесі жылдан бастап үш есе көп қолжетімді тұрғын үй салынбақ

Нұр-Сұлтанда келесі жылдан бастап үш есе көп қолжетімді тұрғын үй салынбақ

Рассказать Вконтакте

Елордада келесі жылдан бастап үш есе көп қолжетімді тұрғын үй салынбақ. Бұл туралы астана әкімі Алтай Көлгінов президенттің Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған Нұр-Сұлтан қаласы активінің жиналысында хабарлады. Бұл әкімдіктің "Қуатты өңірлер – қуатты ел" бағыты бойынша алдына қойып отырған мақсаттарының бірі.

Президент екінші қыркүйек күні ел алдында жариялаған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауы аясында елордалық билік өзі үшін жұмыстың басты бес векторын анықтап алды.

Олардың біріншісі – "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын іске асыру.

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл бағытта бірқатар маңызды қадамдар жасап үлгергенін алға тартты.

Елордада халықпен барлық деңгейде белсенді кері байланысты орнатуға тырысып жатыр: азаматтардың арыз-өтініштерімен жұмыс істейтін бөлімі күшейтілді, ашық қоғамдық қабылдау іске қосылды, "Жанұя" отбасы институтының қолдау орталығы ашылды және тағы да басқа. Оған қоса, елорда басшысы астаналықтарды өзі де жеке қабылдайтын болатынын айтты.

Оның сөзінше, бүгінде қалалық қоғамдық кеңеспен өзара байланысты және азаматтық құндылықтарды тәрбиелеу мен ұлтаралық және этносаралық келісімді бекіту жұмыстарын күшейту керек. Шаһар басшысы президенттің митингтер жөніндегі тезисіне тоқталып өтті.

Нұр-Сұлтанда келесі жылдан бастап үш есе көп қолжетімді тұрғын үй салынбақ
"Мәслихат шешімімен сануцияланған бейбіт митингтерді өткізу үшін арнайы екі орын анықталды. Алайда, кез келген заңбұзушылық пен тәртіп бұзушылыққа үндеу тоқтатылатын болады. Біздің мақсат – тұрғындардың, біздің азаматтардың далада да, үйдегі де қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол себепті, біз мемлекеттік қызметкерлер ретінде біздің азаматтардың қызығушылығын қорғайтын боламыз" , - деді елорда әкімі.

Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз ету. Нұр-Сұлтанда бұл пунктер бойынша дұрыс динамика көрсетілуде. Себебі, қалада осы жылдың басынан бері көшеде қылмыстың саны 41%-ға төмендеп кетті.

Әкім бұл құқыққорғау органдарының ерең еңбегінің нәтижесі екеніне кәміл сенімді. Сонымен қатар, 2019 жылдың сегіз айында бұзақылық, зорлық, адам өлтіру мен денсаулыққа үлкен зақым келтіру фактілері де азайды. Көлгінов жалақының көтерілуі тәртіп сақшылары үшін үлкен уәждеме болмақ деп есептейді.

"Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика" бағыты аясында Нұр-Сұлтан әкімі елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақтылығын атап өтті. Дегенмен, құрылыс жұмыстарының көлемі, тұрғын үйлерді іске қосу мен негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша арта қалып қою бар.

"Біз жайбарақат отырып алмай, бюджетке қарап отырмауымыз керек. Біз инвестициялар, әсіресе шетелдік инвестициялар үшін жағдай жасауымыз қажет", - деді Көлгінов.

Мысал ретінде ол инвестжобалар үшін жақсы алаң болатын №2 индустриалды паркті құруды келтірді. Әкімдік ол үшін 400 Га көлеміндегі жерді бөлді.

Елордалық билік өкілдері президенттің квазимемлекеттік секторын оңтайландыру тапсырмасын да орындайтын болады. Нәтижесінде, "Астана" ӘПК линиясы бойынша 24 мекеменің оны жойылатын болады.

"Қосарлы қызмет көрсетіп жүрген "Астана ЭнергоСервис" компаниясын таратудың өзі бізге жылына бір млрд теңге үнемділік бермек. Біз бұл қаржыны қысқы техниканы сатып алуға жұмсауға шешім қабылдадық" , - деді әкім.

Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саласы бойынша білім, денсаулық сақтау және көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасыларға көмек жайлы бастамасын да назардан тыс қалдырмады. Қала әкімі мекен-жайлық әлеуметтік көмек тек сұқтаж отбасыларға берілетінін жеткізді, Алайда, оның сөзінше, олардың арасында кейбірі шынайы табысын жасыратынын айтты. Мониторинг нәтижесі бойынша, 339 отбасының төлемдері қысқартылып, 998 жанұяның төлем мөлшерлері қайта қаралды.

Нұр-Сұлтанда келесі жылдан бастап үш есе көп қолжетімді тұрғын үй салынбақ

Тұрғын үймен қамту – Жолдауда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі. Әсіресе, бұл жағдай тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға тікелей қатысты.

"Айта кету керек, кезекте тұрғандардың саны жыл сайын өсіп жатыр. Жаз басында астанада олардың саны 46 мың адамды құраған. Енді күз басында 47,5 мың болды. Келесі жылдан батап, қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе көбейтілмек. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталып кетті", - деді Алтай Көлгінов.

Мұның барлығын әкімдік жеке инвестициялардың есебімен іске асырмақ.

Қала активінің жиналысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші жолдауына қатысты пікірімен қоғам қайреткерлері, мәдениет пен білім саласының өкілдері бөлісті. Мембасқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева мемлекет басшысының эффективті мемлекет құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

"Бұл мәселе күллі әлемдік қоғамды алаңдатып отыр. Алайда, дайын рецептер ешқашан болмайды. Мемлекеттік басқару жүйесін қабылдауда, өлшемдерді, жолдар мен қол жеткізу қағидаларын белгілеуде өзіндік бір өзгешелік бар.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы жаңа дүние болып табылмайды. «Құлақ асатын» мемлекет – қоғамның ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне оңтайлы түрде әрекет ету. Мемлекеттің мақсаты – өз қызметімен бизнес пен халықтың қанағаттану деңгеуін көтеру үшін жақсы әрі эффективті байланысты қамтамасыз ету. Біз өз кезегімізде мемқызметкерлердің білімін дағдылары мен құзыретін арттыруға себепкерміз", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel