RU
Тұрақтылық. Өнімділік. Мүмкіндіктер: "Еңбек" бағдарламасы қаншалықты сәтті жүзеге асып жатыр?
Жаңалықтар Пресс-релизы

Тұрақтылық. Өнімділік. Мүмкіндіктер: "Еңбек" бағдарламасы қаншалықты сәтті жүзеге асып жатыр?

Рассказать Вконтакте

Бүгінде әлем бойынша жұмыссыз адамдар саны 190 млн-ға жеткен. Ал, Қазақстанда еңбектің барлық түріне қабілетті адамдар 441 мыңды құрайды. Жұмыспен қамту саласындағы кешенді ұлттық саясаттың қажеттілігі жаһандық күн тәртібінде маңызды орынға ие. Осы орайда, әр ел өзінің жұмыспен қамтуға қатысты заңдарын пайдаланады.

Тұрақтылық. Өнімділік. Мүмкіндіктер: "Еңбек" бағдарламасы қаншалықты сәтті жүзеге асып жатыр?

Соңғы уақытта жұмыспен қамтудағы алаңдаушылық дамушы елдердің осы салада ұлттық саясат әзірлеуіне және даму бағдарламаларында осы мәселеге көбірек көңіл бөлуіне түрткі болды. Сәйкесінше, бұл мәселе төңірегіндегі өзгеріс біздің елімізді де айналып өтпеді.

Соның нәтижесінде 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту өнімділігін арттыруға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Бағдарлама аясында жұмыспен қамту басқа да міндеттермен мәселен, жұмыссыздық, еңбек нарығындағы гендерлік және жас ерекшелік факторларымен, жұмыс орындарының осалдығымен және жаппай кәсіпкерлікпен байланысты болды.

"Еңбек нарығын және өндірістік жұмыспен қамтуды дамыту – табыс пен халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі факторы"

Бұл ретте, сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету ел дамуының басым бағыты саналады. Қазақстандық еңбек нарығында бүгінде 8,7 млн адам жұмыс істейді, соңғы мәліметтер бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құраған. Бұл мемлекеттік бағдарламаның жақсы нәтиже көрсеткенін байқатады. Сонымен бірге, соңғы көрсеткіш деңгейін жақсарту үшін алдағы уақытта жыл сайын 370 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру қажет.

Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарламаға қатысқан адамдар саны 339 мыңға жеткен. Министрліктің 1 тамыздағы мәліметінше, 241 мың қазақстандық жұмысқа орналасқан, оның 153 мыңы тұрақты жұмысқа қабылданған, бұл 63%-дан астам көрсеткішті құрайды.

Бағдарламаны іске асыру бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асады. Оның қатарында техникалық және кәсіптік білім берумен, сондай-ақ қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы жаппай кәсіпкерлікті және еңбек нарығын дамыту да бар.

Министрлік жоспарының бірінші бағыты бойынша жыл соңына дейін 121 мың қазақстандықты оқыту жоспарланған. Оның ішінде 100 мың қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылса, 21 мыңы еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, тамақтану, шәкіртақы, жол жүру ақысы мен жатын орынмен қамтамасыз ете отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды дайындауға бағытталады.

Екінші бағыт бойынша 19 мыңнан астам қазақстандық шағын несие алады. Жыл басынан бері 6 мыңға жуық адамға (ауылда 88%) берілген. Бұл жерде берілген шағын несиелерге толығырақ тоқтау және қазақстандықтардың қарыз алуға не үшін дайын екенін анықтау қажет:

- несиелердің басым бөлігі Start-up жобаларын қолдауға берілген – 57%;

- өз ісін кеңейтуге – 35%;

- якорлы кооперация бағытын дамытуға арналған 415 микрокредит (шағын және орта шаруа қожалықтарының серіктестігі бойынша)

Нәтижесінде бұл әлеуметтік маңызды әсер берді. Оның қатарына жаңа жұмыс орындарын құруды да енгізсек болады. Сондай-ақ, несие алушылар 5 мың ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыды.

«Еңбек» бағдарламасының үшінші бағытына сәйкес, 103 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен бірге еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін 1,2 мыңнан астам отбасы (бұл 4,5 мың адам) қоныс аударды.

Мемлекеттік бағдарлама нәтижесінде 2 жылдан кейін жұмыссыздар саны 4,8%-дан, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар 10,2% -дан аспауы тиіс. Ал, ШОБ белсенді субъектілерінің саны 10%-ға өседі.

Халықтың өмірін жақсартуға және экономика секторларын ынталандыруға бағытталған бұл іс-шаралар жаһандық экономикалық өсуге ықпал етеді. Халықаралық еңбек ұйымының есебіне сәйкес, егер әлемдік экономикада күтпеген құлдырау болмаса, бүкіл әлем бойынша жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейі төмендеп, білімі мен кәсіби дайындығы бар адамдар саны айтарлықтай артады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel