Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуына байланысты пікір білдірді

Опубликовано:

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының бұйрығымен мәдениет саласының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Қадірлі тілектес, рухтас бауырларым, маған арналған ақ тілек пен ниеттеріңізге мың алғыс.
Алматы өнердің қайнаған ордасы. Күрмеуі қиын, күрделі мәселелері көп мәдениет саласында сіздер үшін еңбек етуге барымды саламын. Әр қадамыма сәттілік тілеген ағайынға рахметім шексіз", - деді Бесбаев.

Еске сала кетсек, эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814368-besbaev-almaty-kimini-keessisi-bolyp-tagajyndaluyna-bajlanysty-pikir-bildirdi/

pixel