Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиіркенемін": Әйелінің опасыздық жасағанынан күдіктенген ер адам мұңын шақты

Опубликовано:

Отбасылы ер адам жұбайына басқа азаматтардың жазатынын сөз етті. Кейіпкер devushki_nursultana парақшасына әйелінің опасыздық жасағанынан күдіктенетінін және бар жағдайдан кейін оған суып қалғанын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйеліне ай сайын бірнеше ер азаматтың телефон шалып, хат жазатынын айтқан ер адам жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, олар жұбайына күйеуі жоқта үйге келуге ұсыныс тастапты.

"Отбасы құрғанмын, балаларым да бар. Әйеліме ай сайын екі-үш ер адам хабарласып, жазып тұрады. "Күйеуің үйде жоқ қой, мен саған келейін", "Үйіңе жеткізіп тастайын", "Сенің жұмсақ мінезді екеніңді жаныммен сеземін" деген хаттар толастар емес. Оның басқалармен жазысқанын өз көзіммен көрдім", - дейді кейіпкер.

Ер адам басқа азаматтармен хат жасзысып тұратын әйелінің барлығын жасыратынын алға тартты. Ендігі жұбайына сенімі қалмаған ер адам одан жиіркенетінін және ажырасқысы келетінін сөз етті.

"Жұбайымның өзінен сұрасам, бәрін жасырып әлек. Оларды өмірінде бір рет қана көргенін айтады. Үйге келсе, телефонын қолынан түсірмейді. Барған жерінде бірге алып жүреді.
Ешкіммен жақын қарым-қатынаста болмағанын айтып ақталады. Бірақ мен сене алар емеспін. Әйелімді сүймейтін секілдімін. Әбден суынып кеттім. Жиіркенемін. Ажырасқым келеді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814417-ziirkenemin-jelini-opasyzdyk-zasaganynan-kdiktengen-er-adam-myn-sakty/

pixel