RU
Белгілі тележүргізуші "Әлем ханымы" байқауында елдің намысын қорғамақ

Белгілі тележүргізуші "Әлем ханымы" байқауында елдің намысын қорғамақ

Рассказать Вконтакте

Биыл Қазақстан атынан "Әлем ханымы" байқауына тележүргізуші Арай Әлімхан қатыспақ. Желіде танымал блогер бұл туралы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арай Әлімхан - журналист, екі баланың анасы. Қазір декреттік демалыста болса да әлеуметтік желіде белсенді. Өзінің оқырмандарына отбасылық қарым-қатынасы, ана мен бала, әйелдерге сәнді киімдер ұсыну сияқты тақырыптарда блог жазады.

Журналистің сөзінше, ол "Әлем ханымы" байқауына қатысу жайлы ұсынысты қорқынышпен қабылдаған. Арай бір елдің намысын қорғау үлкен жауапкершілік деп есептейді.

"Мен бас айналдыратын бұл ұсынысты ұзақ ойландым, қорқынышпен келістім. Неге дәл қорқынышпен екенін түсіндірейін. "Біріншіден, бір елді таныстыру - үлкен жауапкершілік.
Екіншіден, мен жарыстың барлық параметрлеріне сай болсам да, менің ойымда осындай жарыстарға биіктігі 175 см және одан жоғары қуыршақтарды таңдау керек деген стереотип бар.
Үшіншіден, мен жайлылық аймағынан шығуға қорқамын. Жақында босанғалы бері бәрі өзгерді - бет, сырт-келбет, ми", - дейді екі баланың анасы.

Ол конкурсқа қатысуға күйеуі мен сіңілісінің қолдауынан соң келісімін беріпті. Арайдың сөзінше, ол осындай сайысқа қатысуды бала кезінен армандаған көрінеді.

Екі баланың анасы Арай бірнеше телеарналарда жұмыс істеп үлгерген. "Бинго" жобасында, "Shahar" ТРК, "Hit TV" телеарнасында шоу-бизнес жаңалықтарының редакторы ретінде, сондай-ақ, "Көркемфильм" кинокомпаниясында, "Қазақстан" телеарнасында, Atameken Business Channel мен "Парадигма" басылымында қызмет атқарған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel