RU
БАӘ-дегі қонақүйде мас қазақстандықтар төбелес шығарған

БАӘ-дегі қонақүйде мас қазақстандықтар төбелес шығарған

Рассказать Вконтакте

Біріккен Араб Әмірлігіндегі қонақүйлердің бірінде қазақстандық туристер төбелес шығарды. Бұл туралы БАЭ-дегі және Дубайдағы Қазақстанның бас консулдығы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан азаматтары қонақүйлердің бірінде бірге ішімдік ішіп, жаға жыртысқан.

Өз кезегінде қонақүй қызметкерлері полиция шақыруға мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары төбелес және алкоголь ішу фактілері бойынша екі хаттама толтырған.

"Кейіннен тараптардың татуласуы бойынша бірінші іс бойынша өндіріс тоқтатылды, алайда екінші іс бойынша материалдар сотқа берілді", - делінген ведомствосының Facebook-тегі хабарламасында.

Сондай-ақ, консулдықтың ақпаратына сәйкес, қазақстандықтарға үлкен сомада айыппұл салынған.

Осы орайда бас консулдық барлық туристерден БАӘ заңнамасына сәйкес елде ішімдік ішуге тыйым салынғанын ескеруді және заңдарды сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel