RU
Қол арбаны ұрламақ болған жеткіншектер елдің ішек-сілесін қатырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қол арбаны ұрламақ болған жеткіншектер елдің ішек-сілесін қатырды

Рассказать Вконтакте

YouTube желісінде қол арбаны қолды қылмақ болған жеткіншектердің видеосы пайда болды. Балақайлардың "ұрлау операциясы" ғаламтор қолданушыларын күлкіге қарқ қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Кадрда екі жеткіншектің биік қоршаудан қол арбасымен өтпек болғанын көруге болады.

Олар мақсатына жету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Тіпті орындықтарды бірінің үстіне бірін қойып қол арбасын қоршаудың арғы жағына лақтырмақ болды.

Алайда оларынан түк шықпағанын ұққан балалар үстел мен сатыны қолданады. Біршама қиындықтардан кейін жеткіншектер дегеніне жетіп, қол арбаны қоршаудан алып шығады.

Кадрдың соңында жасы үлкен баланың жасы кіші жеткіншекті арбаға салып алып бара жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары езу тарттырмай қоймайтын бейнежазбаға түрлі пікірлер жазып жатты.

"Соңғы рет қашан осылай күлгенім есімде жоқ. Оскар сыйлығына лайық ролик болып шығыпты", "Видеодан олардың сөзін ести алмайтынымыз өкінішті. Не жайлы сөйлескендері қызық болып тұр", "Тура бір деректі фильм болыпты", "Мынау комедия ғой", "Бұрын соңды мұндай нәрсе көрген емеспін", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel