RU
Иерусалимде турист қыз шаурма үшін бір млн теңге төлеген
Жаңалықтар Калейдоскоп

Иерусалимде турист қыз шаурма үшін бір млн теңге төлеген

Рассказать Вконтакте

Иерусалимдегі Ескі қалада турист қыз шаурма үшін 2800 доллар төлеп кетті. Оқиға 2 қыркүйек күні орын алған деп жазады korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Анықталғандай, көшедегі кафелердің бірі шаурма үшін арудың банк картасынан 10100 шекель (2800 доллар) алған. Біршама уақыттан кейін бойжеткен қомақты сомасының жоғалғанын байқап, оны қайтаруды талап еткен.

Оның айтуынша, оқиға туралы израильдік БАҚ өкілдері талқылай бастаған соң ақша оның картасына қайтарылған.

Көше кафесінің басшылығы қате кеткенін алға тартқанымен, бұрынғы қызметкер туристерді алдау сызбасы бар екенін мойындады.

"Бұл менің жұмыстан шығып кетуімнің негізгі себебінің бірі. Олар бағамен ойнай бастады, бұл сұмдық. Туристермен бірге полиция үш рет келді", - дейді азамат.

Бұрынғы қызметкердің сөзінше, кафеде ас мәзірі жоқ, ал саудагерлер шаурманың тәрелкесі 80 шекель тұратынын айтып, ақшаны еуро немесе доллар арқылы алады.

Кейде клиент есептегі қатені байқаса, енді бірде ештеңе аңғармастан, банк картасы арқылы төлеп кете береді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
7
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel