Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ондаған адам қалалық әкімдік алдына жиналды (фото)

Опубликовано:

Алматыда бірнеше адам Жаңаөзен тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында әкімдік алдына жиналды. Жаңаөзен халқы елде қытайлық зауыттарды салуға қарсылық танытқан еді деп жазады Азаттық радиосына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жиналғандар Жаңөзендіктерді қолдаудан бөлек Мұхтар Жәкішевты ("Қазатомпромның" бұрынғы басшысы) мерзімінен бұрын босатуды талап етті.

Тұрғындарға әкімдік қызметкері шығып, оларды әкімнің орынбасары Сапарбай Тұяқов қабылдайтын ғимартқа өтуге шақырды. Алайда жиналғандар билік өкілдерін сыртқа шақырып, ішке кіруден бас тартты.

Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Айта кетейік, 3 қыркүйек күні бірнеше жүз адам Жаңаөзеннің Орталық алаңына Қазақстанда қытай зауыттарының салынуы туралы ақпаратқа қатысты өз наразылықтарын білдіруге шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814454-almatyda-ondagan-adam-kalalyk-kimdik-aldyna-zinaldy-foto/

pixel