RU
Алматы әкімдігіне жиналғандар нені талап етуде?
Жаңалықтар Қоғам

Алматы әкімдігіне жиналғандар нені талап етуде?

Рассказать Вконтакте

Алматыда бірнеше адам Маңғыстауда қытайлық зауыттарды ашуға қарсылық танытып, әкімдік ғимаратының алдына жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жиналған алматылықтар Қазақстанға қытайлық кәсіпорындардың керек еместігін айтуда.

Олардың сөзінше, біздің еліміз мемлекеттің экономикасын жақсарту үшін шетелдік жұмысшыларға мұқтаж емес.

"Біздің азаматтарымызға, біздің жастарымызға жұмыс орындары мен жақсы жалақы керек. Шетелдіктерге қашанғы артықшылық беруге болады. Өзіміз ештеңе жасай алмаймыз ба сонда?
Біз қытайлықтарға бермей, жастарымызды лайықты жұмыспен қамтуымыз керек", - дейді алматылықтар.
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жиналғандар ортаға кезекпен шығып, мәлімдеме жасауда.

Оларға әкім орынбасары Сапарбек Тұяқов шықты.

Оның сөзінше, әңгіме ескі зауыттар жайында болып жатқан жоқ. Ол Қазақстан заңдары жұмысты тек қытайлар істеуіне мүмкіндік бермейтінін атап өтті.

Ол сонымен қатар қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдік инвестицияларды тартатын жағдайлары жиі кездесетінін айтты.

"Бізге инвестиция керек, біз зауыттарды немістік, ресейлік және басқа да кәсіпкерлермен бірлесіп саламыз", - деді ол.
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алайда, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шықпағаны алматылықтарға ұнамады.

"Билік бізді естіп, диалогқа шығуларын талап етеміз!", - дейді жиналғандар.
"Біз өз халқымыз үшін, өз жеріміз үшін, табиғи байлықтарымыз үшін жанымыз ауырады. Мұны шетелдіктерге бере алмаймыз!", - дейді әкімдік алдын келгендердің тағы бірі.

Естеріңізге салсақ, Алматы әкімдігі алдына ондаған адам жиналған болатын.

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel