RU
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан ант беруге неге келмеді?

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан ант беруге неге келмеді?

Рассказать Вконтакте

Мәжіліске жаңадан тағайындалған депутаттар Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді. Ал белгілі актер, әнші Нұрлан Әлімжан маңызды рәсімге келмеген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, "Елбасы жолы" киноэпопеясында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжан бүгін мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатыспаған.

Бұның себебін білмек болған Sputnik Қазақстанға актер бір аптадан кейін хабарласуын сұраған.

"Бұған қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын, бір аптадан кейін хабарласыңыз, барлық сұраққа жауап беремін", - деп жауап берген Нұрлан Әлімжан.

Ал қалған үш жаңа депутат салтанатты түрде адал қызмет етуге ант берген.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді халық қалаулылары.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрлан Әлімжанның мәжіліс депутаты болатынын хабарлағанбыз.

Халық қалаулысы атанған белгілі актер, әнші Нұрлан Әлімжанның қанша жалақы алатыны да белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз
9
0
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel