RU
Жаңаөзенге қолдау білдірген ақтөбеліктер әкімдікке келді (фото)

Жаңаөзенге қолдау білдірген ақтөбеліктер әкімдікке келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі облыс әкімдігінің алдына бір топ халық жиналды. Олар Қытай зауыттарын Қазақстанда салуға қарсы. Жиналғандар биліктің өздеріне назар аударуын сұрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Кешегі болған Жаңаөзен халқының үндеуінен кейін осы жерге келіп тұрмын. Мен биліктен қарапайым халыққа араша болуын сұраймын. Қытай жұмысшыларын Қазақстанға шақыру қашан тоқтайды? Біздің өзіміздің мамандар қайда? Болашақпен білім алғандар не оқып жатыр?
Қашанға дейін басқа елдің маманына алақан жайып отырамыз?! Біз биліктен осы мәселені шешуді сұраймыз. Өзіміздің оқуды қызыл дипломмен бітірген жастарымыз базарда жүр", - дейді Аманбике Мейірханова.
Аманбике Мейірханова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Аманбике Мейірханова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жиналғандардың арасында атаулы көмек дауымен жүргендер де бар.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Мен төрт баланың анасымын. Үлкен ұлым 24 жасқа толады. Жұмыс жоқ. Мысы басылып, жұмыс таба алмай жүр. Үш балама атаулы көмек алып келдім. Соңғы айда жолдасымның жалақысы аз ғана өскен. Сол үшін менен атаулы көмекті тоқтатты. Осыған дейін алған ақшамды қайтар деп жатыр. Балаларымның киімі жоқ.
Түтігі шыққан киімдерін алмаспен тазалап, қайта кигізіп жібердім. Балаларыма жейтін тамақ тауып бере алмай отырмын. Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел дейді. Неге халық сезінбейді", - дейді Қырмызы Жұмағалиева.

Топ болып жиналған халық ортаға шығып талаптарын айтуды жалғастырды.

Серік Оразов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Серік Оразов. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Зейнеттегі мұнайшымын. Жаңажолдағы мұнай компаниясында 18 жыл істедім. Сол кездің өзінде Қытайдан келген аспаз 2,5 мың доллар алды. Ал экологиялық аймақта жұмыс істеген қазақ жұмысшыларының жалақысы 30 мың теңге болды. Бұл жағдай қазір де бар", - дейді Серік Оразов.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жиналғандар 5 қыркүйек күні кешке қайта жиналатындарын айтып тарасты. Әкімдік өкілдері жолға шықпауды, қауіпсіздік пен сақтық шараларын сақтауды ескертті.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні және кеше Жаңаөзен тұрғындары Қытайдың 55 зауытын Қазақстанға көшіруге наразылық білдіріп, алаңға шықты. Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрі пікір білдіріп, зауыттардың салынуы туралы ақпарат жалған екенін айтты. Бүгін Жаңаөзен тұрғындарына қолдау көрсеткен алматылықтар әкімдік алдына жиналды.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel