RU
"Тіршілік жасап, көмектесейік": Бүркіт президент жолдауын талқылады

"Тіршілік жасап, көмектесейік": Бүркіт президент жолдауын талқылады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Бүркіт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші жолдауына қатысты пікір білдірді. Әнші президенттің бастамаларына жеке-жеке тоқталып, қазақстандықтарға үндеу тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаевтың президент ретіндегі алғашқы жолдауына қатысты ойын ол Instagram желісі арқылы білдірген.

Әнші мемлекетте орын алған үлкен өзгерістер көңілінен шыққанын жеткізді.

"Болып жатқан жаңалықтарға көңіл аударудамыз. Президенттің жолдауында бәрі түсінікті айтылуда!

Ертеңгі күніміз не болар екен деп жүрген бауырларға айтарым, бостан босқа күмәнданбай, тіршілік жасап, керісінше, өзіміз көмектесейік. Бұл біздің еліміз!

Көп түкірсе көл болады демекші, әрқайсымыздың істеген әрекетемізден белгілі болады, ертеңгі болашағымыз қандай болары!

Жер сатылмауға бұйрық келді президенттен, ал енді сол өз жерімізді өзіміз игерейік! Егін егіңдер, сол жерді пайдаланыңдар. Зейнеттік ақшаны пайдалануға рұқсат берді. Кіші және орта бизнесті табыс салығынан босатты! Барлық жағдай жасалып жатыр! Президенттің жолдауын оқыңыздар. Зорлық зомбылыққа заңды қатаң қылу керек екенін мен екі қолыммен қолдаймын!

Сіздің реакцияңыз
10
2
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel