Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының эмблемасы таныстырылды (видео)

Опубликовано:

Футболдан келесі Әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша мен 18 желтоқсан арасында Катардың жеті қаласында өтеді. Атап айтқанда, әлемдік мундиальді Лусаил, Доха, Эль-Хаур, Эш-Шамаль, Умм-Салаль, Эр-Райян, Эль-Вакра қалалары қабылдайды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter /Road to 2022
Фото: Twitter /Road to 2022: Twitter

ФИФА 22-ші Әлем чемпионатының ресми эмблемасын таныстырды. Презентация Катардан бөлек, әлемнің 23 қаласында өтті.

Ақ пен қою қызыл түсті эмблема араб мәдениетінің байлығын паш ететін дәстүрлі нақышта өрнектелген.

2022 жылғы Әлем чемпионаты эмблемасының презентациясы Доханың алты ғимаратында, Нью-Йорктың Таймс-сквер алаңында, Париждің Солтүстік вокзалында, Берлиннің теміржол стансасында, Лондонның Лестер-сквер алаңында, Мадридтің Кальяо алаңында, Миланның Әлем аркасында және Мәскеудегі Жаңа арбаттың бойында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1814492-futboldan-2022-zylgy-lem-cempionatyny-emblemasy-tanystyryldy-video/

pixel