Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Түнде әйеліңізді бірден қоздыратын үш SMS қандай?

Опубликовано:

Кеш қарайғанда үйіңізге келіп, жұбайыңыздың құшағына еніп кеткіңіз келе ме? Ендеше, түнде әйеліңізді қоздыратын үш хабарламаны жадыңызда сақтап жүріңіз. Сүйіктіңіздің алдында сүйкімділігіңізді арттыратын SMS-терді ERNUR.KZ ұсынады.

Көрнекі фото: creu.ru
Көрнекі фото: creu.ru: Twitter
  • "Сенің қолыңнан шай ішкім кеп жатыр"

Бірінші хабарлама жүйкесі ширығып, шаршаңқырап тұрған әйеліңізге басқа жағынан тиюі мүмкін. Дегенмен, іштей мақтаныш пайда болады. Бұл кезде хабарламаны төпелетпей қоя тұру керек. Үйге жақын қалғанда тағы біреуін жібересіз.

  • "Екеуміз ғана шай ішейік, балаларды ойнауға жібересің бе? Қандай тәтті жейсің?"

Осы кезде әйеліңіз айнаға міндетті түрде бір қарап алады. Шай қоюлы деп есептей беріңіз. Үшінші хабарламаның уақыты келген жоқ.

Үйге кірген соң шайды терлеп-тепшіп ішіп, жағымды әңгімелер айтуға тырысыңыз. Проблема ешқайда қашпайды және оны екі кештің ортасында шеше салмайсыз.

Кешкі ас үстінде де балаларға қату болмай6 азды-көпті отбасылық әзіл айтып қойсаңыз, үйдегі ауа райын жылыта түсесіз.

Еркектің қабағы ашылған сайын әйел жадырап, арқасын кең сала береді. Үшінші SMS-тің уақыты келді.

  • Жатын жайға кіресіз де, "Кешікпей келем деп ең..." деп соңынан аздаған мақтау сөздер қосасыз.

Бітті. Ас үйде жүрген әйеліңіз өзі-ақ балаларды ерте ұйықтатып, айнаға бір қарап, сізге ұнайтын иіссуын себініп келеді.

Иә, басында "қойшы-әй!" деуі мүмкін, бірақ тамағынан иіскесеңіз, мойныңызға орала кетуге дайын болып келгеніне шүбәңыз болмасын.

Айтпақшы, түс кезінде жұмыста отырған әйеліңізге SMS арқылы сол күнгі түннің "өрт болуы мүмкін" екенінен хабар беріп қоюға болады.

  • "Өткен түндегі есімнен кетпей жатыр..." деген қысқа ғана хабарлама да әйелдің есін алып, үйге жеткенше асықтырады.

Ол үшін әлбетте, "өтетін түндерді" расында "өрт" ете білу керек. Яғни, қайсыбір түн болмасын, әйелдің есінде тәтті ләззатымен қалардай нәтижелі өткен дұрыс.

Әрине, мұның барлығы да некелі жұпты жақындата түсетін себептердің бірі ғана. Бір-бірінің ауырын жеңілдетіп, бір бағытқа қарап өмір сүретін, қиындықта қажетті қолдау көрсете алатын шын сүйіскен жандар қашанда қалаулы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814500-18-tnde-jeliizdi-birden-kozdyratyn-s-sms-kandaj/

pixel