RU
Алматылық полицейлер үлкен жол апатында зардап шекті (фото)

Алматылық полицейлер үлкен жол апатында зардап шекті (фото)

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада төртінші қыркүйек күні бірнеше көлік соқтығысып, үлкен жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасында полицейлердің көлігі зақымдалды деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kris.p.almaty

Фото: Instagram/kris.p.almaty

Полицияның хабарлауынша, жол апаты сағат түнгі үште орын алған.

Daewoo Nexia көлігін жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеген 32 жастағы азамат Абылай хан - Мақатаев қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Нәтижесінде үлкен жол апаты орын алды.

Nexia Toyota Corolla-мен және полицейлердің Hyundai Elantra қызметтік көлігімен соқтығысып қалды.

Жол-көлік оқиғасы кезінде темір тұлпар ішінде болған жол полициясының қызметкерлері түрлі жарақат алған. Айта кетейік, жол апаты кезінде тәртіп сақшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақты тексеріп жүрген.

Полицияның мәліметінше, Nexia көлігінің тізгініде болған ер адамда ешқашан жүргізуші куәлігі болмаған.

Қазіргі таңда, Алмалы аудандық полициясының әкімшілік тәжірибе басқармасы жол апатының анық-қанығын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel