RU
Отандық кәсіпкерлерден пара алып келген басқарма басшысы ұсталды

Отандық кәсіпкерлерден пара алып келген басқарма басшысы ұсталды

Рассказать Вконтакте

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы жүйелі түрде пара алу күдігімен ұсталды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Ол жалпы сомасы 8 млн теңге жүйелі түрде пара алу бойынша күдікке ілінді.

Басқарма басшысы бірқатар өңірдің (Нұр-Султан, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Тараз) кәсіпкерлерінен ақша алып отырған. Есесіне оларға техникалық қадағалаудың инжинирингтік қызметтерін іске асыру бойынша аккредиттеу қызметтерін көрсетіп отырған.

Қазіргі уақытта күдікті астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, былтыр дәл осындай қылмыс үшін аталған басқарманың бұрынғы басшысы сотталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel