RU
Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып Мақсат Ибағаров тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспаөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Ибағаров. Фото: Mangystau.gov.kz

Мақсат Ибағаров. Фото: Mangystau.gov.kz

Мақсат Оңғарбайұлы 1970 жылы туған. "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 1992 жылы наурыз айында "Манғышлақмұнай" бірлестігінің "Өзенмұнай" Мұнай-газ өндіру басқармасында 4-ші дәрежелі жерасты жөндеу операторы болып бастаған.

Осы уақытқа дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Соңғы жұмыс орны – "Өзенмұнайгаз" АҚ Бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel