RU
Қазақстанда енді зейнетке sms хабарлама арқылы шығуға болады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда енді зейнетке sms хабарлама арқылы шығуға болады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда зейнетті sms хабарлама арқылы рәсімдеу жобасы өз жұмысын пилотты режимде бастап кеті. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Райхан Жолдықұлова және Любовь Шестаева. Фото: Мурат Жуманбай/facebook.com

Райхан Жолдықұлова және Любовь Шестаева. Фото: Мурат Жуманбай/facebook.com

Желіде жарияланған ақпаратта бұл бастаманың іске асырылуын алдымен сол мемкорпорация қызметкерлерінің көмегімен тексеретіні жазылған.

Айта кетерлігі, аталмыш мекемеде мемлекет бойынша 22 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Бұл істің басты мақсаты - болашақта зейнеткерлерге зейнетін рәсімдеу үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігін жою.

Анықталғандай, бұл мәселе мүлде басқаша шешіледі деп жоспалануда.

Яғни, азаматтың зейнетке шығуына он күн қалғанда оған арнайы sms хабарлама жіберіліп, рәсімдеуді проактивті әдіспен іске асыру жайлы ұсыныс түседі.

Ол үшін зейнеткер бар болғаны "иә" деп жауап ретінде sms хабарлама жіберу керек.

Бұл үрдіске қатысу үшін қазақстандықтар алдын ала өзінің еңбек өтілі жайлы мәліметтерді кадр бөліміне тапсыруы қажет. Содан кейін алынған мағлұматтар Бірегей еңбек келісімдерінің есебі жүйесіне енгізілетін болады.

Қазіргі таңда, аталмыш әдіс арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының екі қызметкері өз зейнетін тіркей алды. Райхан Жолдықұлова мен Любовь Шестаева да Ақмола облысында тұрады.

Любовь Викторовна бұл жаңашылдық өзі үшін аса қолайлы болғанын айтты.

Егде жастағы әйел ешқайда баруға қажеттілік болмағанын алға тартып, бар істі кадр бөлімі мен мобильді қосымша тындырғанын жеткізді.

Мемлекеттік корпорацияда нәтижелерге байланысты аталмыш жоба кейін басқа да ұйымдарға тарауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel