RU
Полиция Нұр-Сұлтанда бірнеше ұрлық жасаған қылмыскерлерді жария етті

Полиция Нұр-Сұлтанда бірнеше ұрлық жасаған қылмыскерлерді жария етті

Рассказать Вконтакте

Полицейлер Нұр-Сұлтандағы бірнеше қарақшылық шабуылға қатысты күдіктілердің суретін көрсетті деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күдіктілер. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілер. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі таңда тәртіп сақшылары 60 жастағы азаматқа жасалған қарақшылық шабуылға екі адамның қатысы барын анықтады.

ЖОлар жбірленушіні күндіз үйінің ауласында ұрып-соғып, оның ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған.

Кейінірек, осындай әдіспен дәл сол ауданда басқа 37 жастағы ер адамды тонап, күш қолданыпты

Полиция 30 және 31 жастағы екі күдікті бұрын сотты болғанын айтты. Олар қылмысын мойындаған. Қазір қамауда отыр.

Фотода көрсетілген күдіктілерден зардап шеккендер болса мына нөмірлерге 8 (7172) 71-66-76, 8-701-128-81-85, 102 хабарласуына немесе "Сарыарқа" ауданындағы полиция басқармасына келулеріне болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel