RU
Қазақстан азаматшасы Кипрде 12 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Қазақстан азаматшасы Кипрде 12 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан азаматшасы Кипрде өзінің туған ұлын өлтіріп тастады деп айыпталуда. Бұл туралы Cyprus-mail.com басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ, cyprus-mail.com

Көрнекі сурет: NUR.KZ, cyprus-mail.com

Қайғылы оқиға 29 тамыз күні орын алған. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жас жеткіншектің өліміне мойнына жасалған пышақ жарақаты себеп болған.

Ал өз-өзіне қол жұмсамақ болған баланың анасы бірден ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалынды.

Дәрігерлердің нұсқаулығымен келіншекті Аталасстағы психиатриялық емханаға ауыстыру керек.

"Оқиғаға қатысты іс сотқа қарауға жіберіледі деп жоспарлануда" , - деді полиция басшысы Никосии Яннакис Хараламбус.

Анықталғандай, бұған дйеін әйел адамның денсаулығы жиі сыр беріп тұрған. Ол жеке психиаторлардың көмегіне көптен жүгінген болып шықты.

Полицияның хабарлауынша, қазақстандық азаматшаның күйеуі өгей ұлы мен әйелінің денесін бөлмеден тауыпты. Есігі ішінен жабық болған соң, ол құтқарушыларды шақырған.

Қайтыс болған баланың өгей әкесі 52 жастағы Кипр азаматы, полицияда жұмыс істейді.

Оған қоса, басылымның мәліметінше, қазақстандық келіншек ұлын өлтіргенін мойындаған. Ол бұл әрекетін перзентін де, өзін де аурудан жазбақ болдым деп түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel